Каспий теңізінің орташа деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады
АСТАНА. KAZINFORM – 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің орташа деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабындай атылған.

«Каспий теңізінің деңгейі тұйық су қоймасы ретінде айтарлықтай көпжылдық, жыл аралық және маусымдық ауытқуларға ұшырайды. 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жүйелі бақылау кезеңінде деңгей Балтық жүйесі бойынша (бұдан әрі – БЖ) минус 25,74 метр (1900 ж.) белгісіне сәйкес келетін максималды мәннен минус 29,01 метр Балтық жүйесіне (1977 ж.) дейін өзгерді. Каспий маңы елдерінің барлық бақылау пункттерінің деректері негізінде есептелген Каспий теңізінің орташа көпжылдық деңгейі минус -27,35 метр Балтық жүйесін құрайды», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің орташа деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Ол 2023 жылға қарай 1,96 метрге төмендеп, минус 28,87 метр Балтық жүйесін құрады.
«2024 жылы Каспий теңізіне құятын өзендердегі жоғары су тасқынына байланысты төмендеу қарқыны айтарлықтай баяулады. Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру аясынлда 2 жоба және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ауқымында 2 бағдарлама жүзеге асырылып жатыр», - деді Олжас Бектенов.