Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады. 

Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды
Фото: ҰҚК

Олар экстремистік топ құру, оған басшылық етіп, оның қызметіне қатысып, сондай-ақ терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілініп отыр.

Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды
Фото: ҰҚК

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Атырауда экстремизмге күдікті 10 адам ұсталды
Фото: ҰҚК

Олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.