Каспийде қырылған итбалықтардың өлімінің себебі неде

итбалық
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

АҚТАУ. KAZINFORM — Сәуір айының басында Каспий теңізінде қырылған итбалықтарды зерттеу бойынша жауапты тарап мәлімет таратты.

Маңғыстау облыстық экология департаменті 29 наурыз бен 8 сәуір аралығында жүзден астам теңіз жануары белгісіз жағдайда қырылған соң тиісті сынамалардың зертханаға жіберілгенін атады. Алайда итбалықтардың өліміне нақты қандай жағдайдың себеп болғаны әзірге анықтай отыр.

«Наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізінің жағалауынан 78 өлі итбалық ұшасы табылды. Осыған қатысты Маңғыстау облысының экология департаменті су сынамаларын алып, ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе) ішінара іріктеді. Ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін азу, тырнақ және жүн сынамаларын алды. Бүгінгі күні зертханалық зерттеулер әлі жалғасып жатыр», — деді экология департаментінің мамандары.

Сонымен қатар, сәуір айының 8 күні аталған аумақтан тағы 25 итбалықтың өлексесі табылған болатын.

«Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелеріне жедел түрде хабарланып отыр. Бүгінгі таңда табылған қырылған итбалықтардың жалпы саны 103 басты құрады. Каспий теңізінің жағалау аймағына мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты жалғасуда», — деді департамент өкілдері.

Өткенде айдың соңында Маңғыстауда теңіз жағасынан қырықтан атсам итбалықтың өлексесі табылды. 

Кейін олардың саны көбейіп, тиісті орындар 80-ге жуықтағанын атады. Соңғы рет департамент мамандары теңіз жағалауына шығып қалған жүзден астам теңіз жануары тіркелгені хабарлады. 

Осыдан кейін жергілікті әкімдік итбалық ұшаларын жинап, жою жұмыстарын жүргізген.

Соңғы жаңалықтар