Каспийде шекара бұзған үш әзербайжандық азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының шекарашылары шекарадан заңсыз өткен және браконьерлік жасады деген күдікке ілінген үш Әзербайжан азаматын ұстады. Құқық бұзушылар уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
None
None

Шекара қызметінің мәліметінше,  мемлекеттік шекараны заңсыз қиып өткен күдіктілер Песчаный мүйісінен 17 шақырым қашықтықтағы Каспидің қазақстандық бөлігінен байқалған. Үш моторлы қайықты шекарашылардың «Нұрлы жол» кемесінің экипажы ұстады. Құқық бұзушылар жылдамдықты арттырып, шекарашылар кемесінен қашып құтылмақшы болды. Оларды тоқтату үшін шекарашылардың ауаға бірнеше рет ескерту оғын атуына тура келді. Қашып жүрген кезде құқық бұзушы азаматтар аулап алған балықтарын суға тастап үлгерді. Алайда, шекарашылар балықтың тасталған орнын бірден тапты. Теңізден 35 километр балық аулау жабдықтары мен 16 мың ілмек алынды. 69 тірі бекіре тұқымдас балық анықталып, теңізге жіберілді.

«Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-інің 392-бабы 1 бөлімінде көзделген «Қазақстан Республикасының мемелкеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзербайжанның үш азаматы да уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі екі ай мерзімде қамауда ұстау санкциясы шығарылды», - деп хабарлады шекарашылар.

Егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, оларды үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум