Каспийде жүктердің тасымалдануы туралы мәліметтер базасы «Caspianlogic» бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктіріледі

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Каспий жағалауы өңірінің порт әкімшіліктері жүк тасымалдау жөніндегі мәліметтер базасын «Caspianlogic» бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктірмек. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен мәлім етті.
None
None

2012 жылғы  14 қарашада Ақтау портында  Каспий жағалауы мемлекеттерінің, атап айтқанда, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінің   теңіз порты әкімшілігінің төртінші  бірлескен бесжақты отырысы болып өтті. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, «Көліктік логистиканы дамытудың Ұлттық Орталығы» АҚ-ның, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның, «Казмортрансфлот»ҰТКК» АҚ-ның және отандық көлік экспедиторлық компаниялардың өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында теңіз кемежай акваториясында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  талқыланды. Теңіз порттарының  қызмет көрсету тұрақтылығын және қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету, көліктің қоршаған ортаға  тигізер зиянды әсерін азайту мәселелеріне да баса назар аударылды.

Мұнымен қоса, отырысқа қатысушылар жүк тасымалының көлемін арттыру, транзитті жүктерді тарту шараларын, оның ішінде желілік кеме қатынасы бойынша және порттық инфрақұрылымды  құру мен модернизациялаудың мемлекеттік жоспарларын да қарастырды.

Әсіресе «Caspianlogic» коммерциялық емес ақпараттық жүйесін әзірлеу мәселесіне  баса назар аударылды. «Caspianlogic» жүйесі қазіргі уақытта Каспий жағалауы өңірінің көлік ведомстволары мен  порт әкімшіліктерімен келісілуде. Аталған  жүйенің веб-ресурсы Каспий теңізі бассейніндегі  жүк тасымалдау процесіне қатысушы  жүк жөнелтуші,  кеме қатынасы, порттық және  көлік ұйымдарының бір-бірімен тікелей ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін болады. Портал жұмысын  2013 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу көзделіп отыр.

Аталған шара шеңберінде қатысушылар Ақтау портын солтүстік бағытқа қарай  кеңейту жобасымен танысты. Жобада қуаттылығы 2,5 млн.тонна болатын үш құрғақ жүк терминалын салу қарастырылған.

Порт әкімшіліктерінің  келесі басқосуы  2013 жылы Баку қаласында  өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум