Каспийдің Әзербайжанға тиесілі бөлігінде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сеймологиялық орталығының сәрсенбі күнгі хабарламасында Каспий теңізінде жер сілкінісі болғандығы туралы айтылады, деп хабарлайды trend.az.

Каспийдің Әзербайжанға тиесілі бөлігінде жер сілкінді

3,4 балдық жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:33-те тіркелген.

Жер сілкінісі 36 км тереңдікте болды.