Каспийдің қазақстандық секторында әзірбайжандық 15 браконьер ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күні Каспийдің қазақстандық секторында заңсыз бекіре аулаумен айналысып жүрген әзірбайжандық 15 браконьер ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауынгерлік кезекшілікте тұрған шекарашылар катерлері екі кәсіпшілік-көлік кемесін ұстады. Кәсіпшілік-көлік кемесінің бортында тоннадан астам бекіре тұқымдас балығы, 680 килә майшабақ және ұзындығы 9 шақырымдық аулауға тыйым салынған құрал табылды.

Екі кеме де Атырау қаласының өзен айлағына ілестіріліп әкелінді. Атырау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар