Каспийдің Құрық портында паром кешені ашылды (ФОТО)
«Таяуда арнайы техникалар саны 200-ге жетеді. Екі ауысымда жұмыс жасауға болады. Биылғы жылғы жоспарымызда темір жолдың топырақ төсемін жасап, Құрық селосынан портқа дейін оптикалық талшықты ВЛ-110 кВт электр желілерін тартамыз. Ерсай стансасынан темір жолдың кірме телімдерін төсейміз», - дейді жобаның бас инженері Марат Дүйсенбаев. Бүгінгі таңда темір жолдың портқа кірме телімдері тегістелуде. Мұнде 4 миллион текше метр жер қабатын алу қажеттілігі байқалады. Қазірдің өзінде құрылысшылар 1 миллион 150 мың текше метр топырақ шығарып, жұмыстың 30 пайызын орындады. Жердің қатты қабатын жару тәсілдері қолданылуда. Құрық порты Ақтаудан жүз шақырым жерде орналасқан. Сондықтан да мұнда Боржақты-Ерсай темір жол желісі төселді. Жаңа темір жол желісімен алғашқы жұмысшы пойыздарын Мемлекет басшысы шілдеде іске қосты. Қазір бұл жолмен құрылыс заттары, паром кешеніне қажетті ауыр қорапты қаусырмалар, басқа да тауарлар отандық және шетелдік кәсіпорындардың сұранысы бойынша жеткізілуде. Таяу арада Ерсай стансасынан Құрық портына 14,7 шақырымдық кірме жолдары салынатын болады. Жылына төрт миллион тонна жүк өткізе алатын паром кешені халық тұтыну тауарларын, астық, мұнай өнімдері, сұйытылған газ, тыңайтқыш басқа да жүктер тасымалдайды. Порты толық қуатында іске қосу үшін 250 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.