Кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілікке назар аударуы керек - Мұрат Ергешбаев

АСТАНА. KAZINFORM – Бюджет тапшылығы мәселесі аясында аса шұғыл емес жобаларды кейінге қалдыруға болады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкасында Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев мәлім етті.

Какой бизнес открывает молодежь Казахстана
Фото: freepik.com

Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік салаға бюджет қаражатының біраз бөлігі бөлініп келеді. Сонымен қатар, бұл бағытты қолдау жалғаса береді. 

- Шығындарды азайту мәселесіне тоқталсақ, қазіргі кезде аса қажет емес, яғни кейіннен жүзеге асыруға болатын жобаларды қысқартуға болады. Мәселен, түрлі сауықтыру әрі спорт кешендерін, мәдениет үйлерін және басқа да жобаларды инвесторлар арқылы салғызуға екпін қойған жөн. Бұл тұрғыда Қызылорда облысында жақсы тәжірибе бар, - деді М. Ергешбаев. 

Осы орайда ол ірі кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударуы керек екенін айтты.

- Жаңа ғана Қызылорда облысын атап өттім. Енді бүкіл еліміздің аумағында осыған мән беруі тиіс, - деді депутат.

Еске салсақ, жақын арада Парламент Мәжілісі Қазақстан Үкіметінің және ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар