Кәсіпқой бокс: «Қазақ жауынгері» танзаниялық боксшымен жұдырықтасады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақ жауынгері» лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Елшат Нығметолланың (19-0-1, 6КО) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. 

Ельшат Ныгметолла
Фото: Sports.kz

Irfin Promotions компаниясының хабарлауынша, «Қазақ жауынгері» 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде танзаниялық боксшы Мухсин Кизотамен (20-5-0, 12КО) жұдырықтасады.

Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. Супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 76-орында.

30 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар