13:17, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
«Kassa Nova Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырдан бастап «Kassa Nova Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бұрын «Казкоммерцбанк» АҚ бөлшек бизнес бойынша басқарушы директоры болған Жұмабек Мамытов тағайындалды.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмабек Мамытов өзінің кәсіби мансабының 15 жылы ішінде халықаралық, сондай-ақ Қазақстанның ірі банктерінде, атап айтқанда «АБН АМРО Банк Казахстан», «Казинвестбанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, және АО «Қазкоммерцбанк» АҚ-да мол тәжірибе жинақтады.