19:00, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Кассир-оператор кассадан 500 мың теңге көлемінде ақша ұрлаған
АҚТӨБЕ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент (қаржы полициясы) «Байнұр» ЖШС-нің бұрынғы кассир-операторына қатысты қылмысты істі тергеу аяқталды, айыпталушы серіктестік кассасынан 484,1 мың теңге ұрлаған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, серіктестік телефон байланысы (байланыс, телефон орнату қызметі) саласы бойынша жұмыс істейді. Қаржының жетіспеушілігін мерзімінен бұрын жасалған кезекті тексеріс барысында «Байнұр және П» ЖШС-нің өкілдері өздері анықтапты. Орын алған факті бойынша фирма қызметкерлері қаржы полициясына хабарлаған. 2008 жылғы тамыздың 13-і мен 22-і аралығында кассир-оператор көрсетілген байланыс қызметі үшін абоненттерден 688,4 мың теңге көлемінде ақша алған. Сонымен қатар, мекеме қызметкері «Байнұр және П» ЖШС-інің кассасына бар болғаны 204,3 мыңге ғана салып, қаржының қалған бөлігін өз қажетіне жұмсап жіберген. Осындай іс-әрекетінің салдарынан аталмыш серіктестіктің 500 мың теңге көлемінде қаржылай шығын тартқаны тексеру кезінде анықталды. Ақтөбе қалалық №2-ші соты ҚР ҚК 176 бабының 2 бөлімінің «в» бөлімшесіне сәйкес (қызмет бабын пайдалану арқылы сеніп тапсырылған мүлікті шығындау немесе иемдену) азаматшаны қылмысты деп таныды және 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындалды. Сондай-ақ сот жұмсалған ақшалай қаржыны «Байнұр және П» ЖШС-тің пайдасына кінәліден өндіріп алу туралы шешім қабылдады.