Кассирді сыздық, инженерді енгіздік - Исекешев білім гранттарының тізімі жайлы

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордаға керекті мамандықтар бойынша гранттар тізімі бойынша мемлекеттік тапсырыстарға өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз «Астана Смарт-сити» жобасы аясында бірқатар жобаларды бастадық. Олардың бірі - Биг-дата. Демек, бұл жасанды интеллекті қолдана отырып, ауқымды мәліметтерді қолдануға, талдауға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның көмегімен, біз мемлекеттік тапсырыстардан ескірген мамандықтарды алып тастадық. Мәселен, ол тізімнен контролер, кассир секілді мамандықтар алынды. Бұл мамандықты игерген жастарға жұмыс табу әсте оңға түспейді. Олар маңызды болмай қалады. Міне, осы бағдарлама арқылы сұранысқа ие және нарыққа қажетті жаңа технологиялық мамандықтарды айқындап отырмыз», - дейді шаһар басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Астана үшін сұранысқа ие болатын мамандықтардың қатарында - лифттер бойынша жұмыс атқаратын инженерлер, «Д» санатындағы автобус жүргізушілері бар. Автобус жүргізушілері дайындалмайтындықтан, елордада бұл ретте жетіспеушілік сезілетін көрінеді. Бірақ, десе де, негізгі басымдық технологиялық мамандықтарға берілмек.

«Ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, заманауи өндіріс, көлік, газификация, медицина секілді салаларға назар аударылады. Осыны есепке ала отырып, біз «Бәріне қолжетімді білім» жобасымен бірге қолжетімді жұмыс орыны бағдарламасын енгіздік. Осы жылы онымен 30 мың елорда тұрғыны қамтылады. Олардың ішіндегі 16,5 мыңы тегін оқытылмақ. 10 мыңы цифрлық дағды бойынша, мыңы кәсіпкерлік негізі бойынша білім алады. Демек, жоғары білім бойынша тапсырыс беріледі. Мәселен, бізге география, қазақ, ағылшын тілдері пәндерінен мұғалімдер керек. Демек, бұл ретте қалаға керекті мамандықтар бойынша мың мамандыққа тапсырыс береміз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар