Қасым Қайсенов жайлы фильм марапатқа ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Ресей және Украина бірлесіп түсірген қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсенов жайлы 4 сериялы көркем фильм халықаралық деңгейдегі аса зор марапатқа ие болды. Туындыдағы басты рөлді сомдаған Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры Қуандық Қыстықбаев Ресейдің бас наградаларының бірі - «Почетный орден Кузбасса» орденімен марапатталды, деп хабарлады ҚазТРК баспасөз қызметі.
None
None

Қ.Қыстықбаевқа награданы бүгін Кемеров облысының губернаторы атынан облыстық филармонияның бас директоры Людмила Пилипчук қазақ театрының сахна төрінде табыс етті. Аталмыш награда қоғам қайраткерлігін мойындаған азаматтарға табыс етіледі. Онымен қоса, наградаға 30 мың ресей рублі көлемінде сыйақы қоса беріледі.

«Қасым» фильмі - аты аңызға айналған барлаушы, қазақтың біртуар батыр ұлы Қасым Қайсеновтың соғыста көрсеткен ерлігі жайлы түсірілген туынды.

Танымал ресейлік режиссер Леонид Белозорович пен сценарий авторы Андрей Курейчик фильм желісіне заманауи кинематография арсеналы - психологиялық қайшылықтар, жойқын шайқас пен лирикалық көріністер арқылы ерекше реңк берген.

Қ.Қуанышбаев театрында 16 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Қ.Қыстықбаев сахна төрінде 30-ға жуық, кинода онға жуық рөлді сомдады. ҚР Президенті степендиясының, Астана қаласы әкімінің «Ең үздік актер» номинациясы бойынша грант иегері.

Соңғы жаңалықтар