Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордның Telegram каналына сілтеме жасап.

Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтағанын хабарладық.


Соңғы жаңалықтар