Қасым-Жомарт Тоқаев: Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайберген талай биіктерді бағындырарына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», - деп жазды Президент Инстаграм парақшасында.



Еске сала кетсек
, кеше Димаш Құдайбергеннің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында әншінің Ташкент төрінде өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген әйгілі «Sos d'un terrien en detresse» әнін шырқады. Айта кетсек, ол осы әнімен Қытайдағы «I am singer» байқауының шымылдығын ашып, көршілес елді, онымен бірге әлемді өзіне жалт қаратқан еді.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев аталмыш концертте Димаштың өнеріне тамсана қол шапалақтап, ықыластарын білдірді.



Соңғы жаңалықтар