18:36, 14 Маусым 2019 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.