Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Микко Киннуненді қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннуненді қабылдады.
None
None

Фин дипломатиялық миссиясы басшысының осы лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп Қ.Тоқаев оның қызметі Қазақстан мен Финляндиядың өзара ынтымақтастығының одан әрі нығайтуға жәрдемдесетінін, екіжақты қатынастарды дамытуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы наурыз айында Хельсинкиге жасаған мемлекеттік сапары тың серпін бергенін атап өтті.

Ол Қазақстан Парламентінің құрылымы мен қызметі туралы әңгімелеп, екі елдің жоғары заңнамалық органдарының парламентаралық байланыстарын дамытудың маңыздылығын айтты.

- Қазақстан Парламентінің депутаттары фин әріптестерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайту ғана емес, халықаралық ұйымдардағы көпжақты байланыстарды да дамытуға ниеттеніп отыр,-деді төраға. Осыған байланысты ол алдағы жылы жазда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жәрдемімен Алматыда өтетін Трансазиялық парламенттік жиынға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелері - фин парламентшілерін шақырды.

Қ.Тоқаев Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына, оның ішінде алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге әзірлік мәселелерінде қолдау білдіргені үшін Финляндияға ризашылық білдірді.

Микко Киннунен өз кезегінде біздің еліміздің алдағы жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді және халықаралық қатынастарды дамытудағы және оны нығайтудағы табысты қызметі үшін Қ.Тоқаевқа ризашылығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар