Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: akorda.kz

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі - Көрісу күнін тойлап жатыр.
Соңғы жаңалықтар