Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына қатысу үшін Түркістан қаласына барған болатын. Дәл қазір алқалы жиынның негізгі отырысы өтіп жатыр.





Соңғы жаңалықтар