Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына келді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына келді

Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.