16:39, 22 Мамыр 2019 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет спортқа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Жекпе-жек» сарайына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы гимнастикаға және басқа да жаттығуларға арналған залдарды аралап көрді. Бұл кешенде бокс, күрес, дзюдо және өзге де спорттың жекпе-жек түрлерінен халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақша күрестен жастар арасында өтіп жатқан өңірлік командалық турнирге қатысушылардың белдесулерін тамашалады.
Қазақстан Президенті танымал спортшылармен әңгімелесіп, оларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттің әрдайым спортқа жан-жақты қолдауы көрсететінін жеткізді.