Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.

Еске салайық, Президент Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр.

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылумен қамту жүйесін жаңғыртуға Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады.

Қ.Тоқаев ЖЭО жағдайымен танысқан соң жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

Көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады.

Ал қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алуды және қалалық «Шахтер» саябағын жөндеуді өтінді.



Соңғы жаңалықтар