21:15, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды.
Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Загульба» резиденциясында қарсы алды.
Мемлекет басшысы Бакуде Ильхам Әлиевпен кездесті .
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Екі ел арасында маңызды 10 құжатқа қол қойылды.
Президенттер келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады.
Фото: t.me/bort_01