Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның сервистік моделінің мәнін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полицияның сервистік моделінің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның сервистік моделінің мәнін түсіндірді
Фото: t.me/aqorda_resmi

«Бюрократия жойылса, полицияның уақыты үнемделеді, күш-қуаты босқа жұмсалмайды. Азаматтардың өзекті мәселесін шешуге көбірек мүмкіндік туады. Біздің азаматтарымызға құрғақ есептер емес, сіздердің қызметтеріңіздегі елеулі өзгерістер мен нақты нәтижелер қажет. Сервистік модельдің мәні – осы. Оның негізгі тәсілдері полиция қызметінің барлық аспектілері мен салаларына енгізілуі керек», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.