Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды

ХАНОЙ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар