08:12, 29 Мамыр 2023 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді» деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткенін жазған едік.