17:00, 19 Тамыз 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына келді
СОЧИ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына келді. ҚазАқпарат бұл туралы БОРТ1 Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі», - делінген мәліметте.
Еске салайық, Қ.Тоқаев 19 тамызда жұмыс сапарымен Сочиге баратынын жазған болатынбыз.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.
Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.
Видеодан алынған кадр