21:08, 06 Қазан 2022 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдаушылар форумында сөйлеген сөзі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Борт №1 телеграм каналы Президенттің форумда сөйлеген сөзінің толық видеосын жариялады.
Айта кетсек, бүгін елордада кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы өтті.
«Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе», - деді Президент аталған форумда.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты.