Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары аяқталды

АНКАРА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда,

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары аяқталды
Фото: t.me/aqorda_resmi


Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Сонымен қатар ҚР Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитіне қатысып, сөз сөйледі.