Қасымов Алматы облысындағы «Нұрлы жол» бағдарламасының нысандарын аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекелестік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру үшін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматы облысында болды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
None
None

Министр алдымен облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты, онда Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.
 

Кездесу соңында министр «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар нысандарын аралап, құрылысты іске асыру барысымен танысты.

Министр сондай-ақ, облыстық ІІД-нің жеке құрамымен кездесіп, құқық қорғау органдарының азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттеріне жеке-жеке тоқталды. Өңірдегі ішкі істер органдарының бірқатар нысандарында болып, полиция бөлімшелерінің жұмысымен танысып шықты.
 

«Мемлекет басшысы экономикадағы, әлеуметтік саладағы кең ауқымды міндеттер мен мақсаттарды айқындап берді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру - әрқайсымызға лайықты өмір сүріп, азаматтық және қызметтік парыздарды орындауға мүмкіндік береді. Алға қойған жоспарларды орындау арқылы ел дамуына лайықты үлесімізді қосатынымызға сенімдімін», - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қасымов.

 

Соңғы жаңалықтар