Қатар-2022: Әлем чемпионатында ең ұзын ойыншы кім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында ең ұзын және ең қысқа бойлы ойыншылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем біріншілігінде бойы екі метрден асатын 2 футболшы бар. Олардың бірі - Нидерланды құрамасының қақпашысы Андриес Нопперттің бойы 203 сантиметрді құраса, сербиялық голкипер Ваня Милинкович-Савичтің бойы одан бір сантиметрге төмен.

Ал сенегалдық қорғаушы Пап Абу Сиссе мен бельгиялық қақпашы Тибо Куртуаның екі метрге бір сантиметр жетпей тұр..

Аласа бойлы футболшы марокколық Ильяс Шермен ешкім таласа алмайды, оның бойының ұзындығы - 158 сантиметр. Катарлық Ассим Мадибо (163 сантиметр) одан сәл ұзындау.

Ең ұзын бойлы футболшылар Сербия құрамасының қатарында ойнайды. Олардың бойының орташа көрсеткіші - 187,15 сантиметр. Ал Мексика (179,08 сантиметр) аласа бойлы құрама саналады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жапония жанкүйерлері ойыннан соң стадионды қоқыстан тазартып кетті.

Сондай-ақ, Англия - Иран матчы әлем чемпионатында ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді.


Фото: AlJazeera





Соңғы жаңалықтар