Қатар-2022: Англия құрамасы Сенегалды жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты 1/8 финалының төртінші кездесуінде Англия мен Сенегал құрамалары ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында құрамалар тезірек гол соғуға тырысқан еді. Десе де, бір-бірінің қақпасына жасалған шабуылдар аяқсыз қалып жатты.

Осындай сәттердің бірінде англиялық Джордан Хендерсон 38-минутта соққан гол өз құрамасын алға шығарды.

Ойынның 48-минутында Гарри Кейн мергендік танытып, Тұманды Альбион елі құрамасының басымдығын арттырды.

Ал 57-минутта Букайо Сака қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Англия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Англия құрамасы әлемдік мундиальда жеңімпаз болуды алдына мақсат етіп қойған жайы бар.

Ағылшындар мұндай жетістікке жалғыз рет - сонау 1966 жылы қол жеткізді. Чемпион атануға құраманың барлық мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, 4 желтоқсанда тағы бір кездесуде Франция Польшаны тізе бүктіріп, ширек финалға шықты.

Енді ағылшын футболшылары жарыстың аталған сатысында 10 желтоқсанда Франциямен кездеседі.

Сондай-ақ, жарыстың аталған сатысындағы тағы бір кездесуде 9 желтоқсанда Нидерланд пен Франция құрамалары кездеседі.

Ал 5 желтоқсанда 1/8 финалда Бразилия мен Оңтүстік Корея, Жапония мен Хорватия құрамалары сынға түседі.

6 желтоқсанда Португалия мен Швейцария, Марокко мен Испания бақ сынайды.

Фото: thesun.co.uk


Соңғы жаңалықтар