Қатар-2022: Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам жұмысын жалғастырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам өз жұмысын 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына дейін жалғастыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Le Parisien мәлім еткеніндей, Франция футбол федерациясы Зинедин Зиданды бас бапкер ретінде шақыру идеясынан бас тартты.

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Англияны ұтып, жартылай финалға шыққан 54 жасар Дешам бас бапкер ретінде өзі шешім қабылдау құқығына ие болды.

Бұдан бұрын атақты футболшы әрі бапкер З. Зидан Дешамды алмастырады деп есептелінген еді. Франция футбол федерациясы енді оның кандидатурасын қарастырмайтын болды.

Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Өз командасымен 2016 жылы Еуропа біріншілігінің финалына шықты. Ал, төрт жыл бұрын әлем чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Португалия жеңілгеннен кейін Криштиану Роналдудың көз жасына ерік бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Марокко қақпашысы Португалиямен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Франция қақпашысы Уго Льорис өз елінің рекордын жаңартты.

Англияны ұтқан Франция ½ финалға шыққан соңғы команда болды.

Франция ойыншысы Антуан Гризманн өз елінің тарихында үздік пас беруші атанды.

Футбол королі Пеле Бразилия шабуылшысы Неймарға қолдау білдірді.


Соңғы жаңалықтар