Қатар-2022: Хорватия ойыншысы өз елінің рекордын орнатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдани әлем чемпионатында Хорватияның жартылай қорғаушысы Иван Перишич өз елінің рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

И.Перишич 1/8 финалда Жапониямен ойында мергендік танытып, есепті теңестірді.

Осылайша, ол әлем және Еуропа чемпионаттарындағы 10-ыншы голын соқты. Бұған дейін Хорватия ойыншыларынан ешкім мұндай нәтижеге жеткен емес.

И.Перишичтің өз көрсеткішін одан әрі де жаңартатындай мүмкіндігі бар. Өйткені пенальти сериясында Жапонияны ұтқан Хорватия құрамасы жарысты жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Килиан Мбаппенің әлем чемпионаттарында 9 гол соққан алғашқы жас ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ пенальти сериясында Жапонияны жеңген Хорватия ширек финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар