Қатар-2022: Месси Аргентинаны плей-оффқа шығара ала ма
Аталған топтағы екі ойын да елорда уақытымен 1:00-де басталады.
Бұл топтағы барлық құраманың жарысты жалғастыруына мүмкіндігі бар. Екі турдан кейін Польшада - 4, Аргентинада - 3, Сауд Арабиясында - 2, Мексикада - 1 ұпай.
Польша мен Аргентина ойыны «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 44 089 жанкүйерге арналған «Стэдиум 974» стадионында өткізіледі. Бас төреші – Данни Маккели.
FIFA рейтингінде Польша - 26, Аргентина 3-орында тұр.
Екі құрама бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 3-еуі Польшаның, 6-ауы Аргентинаның басымдығымен аяқталса, 2 кездесу тең қорытындыланды.
Сауд Арабиясы мен Мексика ойыны да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын Лусаил қаласындағы 88 966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өткізіледі. Бас төреші – англиялық Майкл Оливер.
FIFA рейтингінде Сауд Арабиясы - 51, Мексика 13-орында тұр.
Екі құрама бұған дейін 5 мәрте кездесті. Оның бірінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында мексикалық футболшылар басым түсті.
Еске салсақ, Нидерланд бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты.
Фото: cdn.vox-cdn.com