Қатар-2022: Үздік он ойыншының есімі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Goal басылымы Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалынан кейін үздік 10 ойыншының есімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басылым нұсқасы бойынша Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси үздіктер көшін бастап отыр. Дүбірлі доданың бес ойынында ол төрт гол соқса, голға айналған екі пас беріп үлгерді.

Ал екінші және үшінші орындарда Франция құрамасының шабуылшылары Франции Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн тұр.

Үздік ондыққа іліккен ойыншылар төмендегіше:

Лионель Месси (Аргентина)

Килиан Мбаппе (Франция)

Антуан Гризманн (Франция)

Доминик Ливакович (Хорватия)

Ашраф Хакими (Марокко)

Бруну Фернандеш (Португалия)

Софьян Амрабат (Марокко)

Ришарлисон (Бразилия)

Коди Гакпо (Нидерланды)

Джуд Беллингем (Англия).

Аталған ойыншылардың алтауы әлі чемпиондыққа таласқа түсуге мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, енді 13 желтоқсанда өтетін жартылай финалда Аргентина және Хорватия, 14 желтоқсанда Марокко мен Франция құрамалары кездеседі.

Айта кетсек, Марокко – әлем чемпионатының 1/2 финалына шыққан алғашқы африкалық құрама болды.


Соңғы жаңалықтар