Қатар әскери-әуе күштері Иранның екі Су-24 ұшағын атып түсірді

АСТАНА. KAZINFORM –  Қатардың қорғаныс ведомствосы қауіптің анықталған сәтінен бастап дереу жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Қатар әскери-әуе күштері Иранның екі Су-24 ұшағын атып түсірді
Фото: Qatar news agency

— Қатар Мемлекетінің Қорғаныс министрлігі Әмірдің әскери-әуе күштері Иран аумағынан жақындаған екі Су-24 ұшағын атып түсіргенін хабарлайды, — делінген ресми мәлімдемеде.

Al Jazeera мәліметінше, атып түсірілген Су-24 ұшақтары Иранға тиесілі болған.

Қатар Қорғаныс министрлігі сондай-ақ ел аумағындағы түрлі нысандарға бағытталған жеті баллистикалық зымыран мен бес дронның жолы кесілгенін хабарлады. Ведомство қарулы күштердің ел егемендігін қорғауға және сыртқы қауіп-қатерлерге қатаң жауап беруге барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Бұған дейін Қатардың мемлекеттік мұнай-газ компаниясы дрон шабуылдарының салдарынан сұйытылған табиғи газ өндірісі уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум