Катар футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін жүздеген млрд доллар жұмсады

ДОХА. ҚазАқпарат - Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге үміткер болғаннан кейін бұрын-соңды болмаған сынға ұшырады. Катар басшысының пікірінше, кейбір айтылған сындар жала жабумен тең болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AlJazeera-ға сілтеме жасап.

Катар футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін жүздеген млрд доллар жұмсады

2010 жылы FIFA халықаралық футбол федерациясы Катарға 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын берді, содан бері ұйымдастырушылар биылғы 20 қарашада басталатын турнирге дайындалу үшін жүздеген миллиард доллар жұмсаған.

«Біз әлем чемпионатын өткізу құрметін жеңіп алғаннан бері Катар ешбір қабылдаушы ел басынан өткеріп көрмеген сынға ұшырады», - деді шейх Тамим.

«Алғашқыда біз бұл сындарды дұрыс қабылдап, тіпті кейбірін оң және пайдалы деп санадық, бұл бізге дамуды қажет ететін бағыттарды қалыптастыруға көмектесті», - деді ол. «Бірақ көп ұзамай бізге бұл сынау науқанының ұзаққа жалғасып, өршіп, бұрмалаушылыққа ұласып бара жатқаны байқалды. Бұл өкінішке орай көпшілікті осы науқанның нақты себептері туралы ойлауға мәжбүр етті», - деп қосты Катар көшбасшысы.

Соңғы жылдары адам құқықтарын қорғау ұйымдары әлем чемпионатының стадиондарын салып жатқан еңбек мигранттарының қиянатқа ұшырауы туралы көп хабарлаған. Мамыр айында Human Rights Watch және Amnesty International басқа сегіз ұйыммен бірге Дж.Инфантиноға хат жолдап, FIFA мен Катарды әлем чемпионатына дайындық кезінде қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы төлеуге шақырды. «Біз бұл сынақты өз әлеуетімізге, яғни катарлықтар, қиындыққа төтеп беріп, табысқа жетуге сенгендіктен қабылдадық», - деді ол. Әлем чемпионаты кезінде Катарға 1,2 миллион адам келеді деп болжанып отыр.

FIFA президенті Джанни Инфантино Таяу Шығыста алғаш рет өтетін алдағы Әлем чемпионаты «тарихтағы бұрын болмаған» чемпионат болатынын айтты. 2020 жылдың тамызында Катар өзінің еңбек заңнамасына маңызды өзгерістер енгізетінін жариялады. Бұл өзгерістер қатарында жұмысшыларды ыстықтан қорғау ережелері мен ең төменгі айлық жалақы 1000 риал (129 000 теңге) болды.


Фото: AlJazeera