Қатар Израиль шабуылынан кейін шұғыл саммит өткізбекші
АСТАНА. KAZINFORM – Қатар Израильдің Доха қаласына жасаған соққысына қарсы әрекет шараларын талқылау үшін шұғыл араб-ислам саммитін өткізбекші.

Елдегі QNA агенттігінің хабарлауынша, жексенбі мен дүйсенбіде өтетін жиын ХАМАС басшыларының өмірін қиған шабуылдың салдарын талқылауға арналып отыр.
Саммитке араб әлемі мен ислам елдері қатысады деп күтіліп отыр.
Араб лигасының өкілі Джамал Рошдидің пайымдауынша, саммиттің шұғыл өтуі Израильдің Қатарға шабуылына араб және ислам әлемі қалай ден қойғанын көрсетеді.
Сейсенбіде Израиль Газа секторының басшысы Халил Әл-Хайя бастаған ХАМАС басшыларының кездесуінде әуе шабуылын жасаған еді. ХАМАС тарапы Израиль жасаған шабуылдан ұйымдағы жетекші орындарда отырған басшылардың ешбірі қаза таппағанын мәлімдеп үлгерді.
Қатардың премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәни ол соққыға жауап болатынын уәде етті.
أرحب بأخي سمو الشيخ محمد بن زايد آل نهيان في زيارته الأخوية التضامنية، والتي بحثنا خلالها تداعيات الاعتداء الإسرائيلي السافر على سيادة بلادنا وأمن المنطقة، وجددنا إدانتنا لهذا الانتهاك الخطير لكل الأعراف والقوانين الدولية، والذي يستدعي تكاتف الجهود الدولية لوضع حد لهذا السلوك… pic.twitter.com/s7F0vGuDYP
— تميم بن حمد (@TamimBinHamad) September 10, 2025
Айтуынша, Доха аймақтағы одақтастарымен бірге ортақ жауап әзірлейді. Оның ішінде Израильді сот төрелігі арқылы қудалау шаралары да бар.
Әл Тәни Дохаға жасалған шабуыл үшін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жауапқа тартылуы керек.
Дипломаттар арасында шұғыл саммит қандай құжатты қарайтынын туралы әңгіме қызу талқыланып жатыр. Сауд Арабиясы мен мысыр бастамасымен әзірленген «бірлескен жол картасы» осы жиында таныстырылуы мүмкін екені айтылып жатыр.
Вашингтондағы кездесу
Саммитке дайындық кезінде қатар премьер-министрі АҚШ астанасында болып, кездесулер өткізді. Жұма күні ол Ақ үйде мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен жүздескен.
Politico және Axios басылымдарының мәліметі бойынша, Әл Тәни Дональд Трамппен, вице-президент Джей Ди Венспен, арнайы елші Стивом Виткофпен кездеседі.
Келіссөздер кезінде Дохаға жасалған шабуылдың салдары, Газадағы атысты тоқтату мәселелері талқыланбақ.
Еске салсақ, Дональд Трамп Израильдің Қатарға соққы жасағанына «қатты өкінетінін» білдірген еді.