Катар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілетуді қолдайды - шейх Тамим бен Хамад Әл Тани

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатар Әмірі ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілін қабылдады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

25 мамырда ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілі, ҚР СІМ орынбасары Асқар Мусинов Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің қабылдауында болды.

Кездесу барысында қазақстан-қатар ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Әмір өзінің 2014 жылғы қаңтарда Астанаға барған сапарының нәтижелерін жоғары бағалай келе, ү.ж. жоспарланып отырған Елбасының Қатар мемлекетіне сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қайта жүздесетіндігін атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша, шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қатар мемлекеті Қазақстанның БҰҰ аясындағы және халықаралық аренадағы қызметтері нәтижелерін жоғары бағалай отырып, алдағы дауыс беру шаралары барысында Қазақстан Республикасының кандидатурасын міндетті түрде қолдайтындықтарына сендірді.

Сонымен бірге, Қатар Әмірі Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымын құрудың маңыздылығын, бұл ҚР Президентінің дер кезіндегі бастамасы болғандығын және Қатар жақын уақытта аталған ұйымға қосылып, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының Астанада ү.ж. күзде өтетін Бас Ассамблеясына қатысатындықтарын атап өтті.

Сондай-ақ, Қатар Әмірі Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмеге қатысуға қызығушылық танытатындығын жеткізді.

Өз кезегінде, А. Мусинов шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге Астана қаласында мектеп және Семей қаласында Республикалық сауықтыру орталығын салуға қатысты қабылдаған шешімдері үшін алғыс білдірді.

Сол күні А. Мусиновтың ҚМ Сыртқы істер министрі доктор Халед әл-Атыйямен кездесуі өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жолдары мен ҚМ Сыртқы істер министрінің Астанаға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Соңғы жаңалықтар