Қатар мен ЕО стратегиялық одақ құруға қадам басты

АСТАНА.KAZINFORM - Қатар мен ЕО стратегиялық серіктестік туралы келісім бойынша келіссөздердің басталғанын жариялады. Бұл туралы Қатар Сыртқы істер министрлігі хабар таратты.

Катар и ЕС делают шаг к стратегическому альянсу
Фото: Қатар СІМ

Қатар Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдуррахман бин Джасим Ат-Тани мен ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас Доха форумы аясында кездесті. Кездесуден кейін тараптар ЕО мен Қатар арасындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша келіссөздердің басталғанын жариялады.

- Бұл процесс екіжақты қарым-қатынастағы маңызды кезеңді белгілейтін болашаққа бағытталған және амбициялы бірлескен күш-жігерді білдіреді, - делінген Қатар Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Алдағы келіссөздер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын басым салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін зерттейді.

Тараптар серіктестікті тереңдетуге, аймақтық және халықаралық жағдайдың күрделенуі аясында динамикалық және өзара толықтырушы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға деген міндеттемелерін растады.

Бұған дейін Қазақстан мен ЕО визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылап жатқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар