Катар университетінің басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Білім және ғылым саласындағы қазақстандық-катар ынтымақтастығын дамыту мақсатында Катардағы Қазақстан елшісі Асқар Шоқыбаев Катар университетінің ректоры Хасан Рашид Дерхаммен кездесті.
None
None

Әңгіме барысында тараптар ғылымның түрлі салаларында тәжірибемен, оқытушылармен, студенттермен алмасу, Қазақстан ЖОО-ларында араб студенттердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру қажеттілігі сияқты мәселелер бойынша өзара түсіністікке келді.

Осы бағыт бойынша таяу уақытта Дохада ҚР басшылығының сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылатын болады.

Аталған уағдаластықтарды іске асыруға Катар университеті басшысының мүдделілігін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар