Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды
Сонымен, биылғы доп додасының ерекшелігі - алғаш рет қыс мезгілінде өтуі. Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. Қатар дүбірлі доданы ұйымдастыруға өтініш берген уақытта елде небәрі бір стадион бар болатын. Қазірге дейін жаңадан 7 стадион бой көтерді. Оған қоса 100-ден аса қонақүй мен қаншама шақырым жол салынды.
Бірқатар ақпарат көздерінде жарысты ұйымдастыруға 200 млрд доллар жұмсағаны айтылуда. FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры - 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама - 42, күміс жүлдегер - 30, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері - 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы - 17, 9-16 орын аралығында болғаны - 13, 17-32 орындағылар 9 млн доллардан алады.
Салтанаты ашылу салтанатынан кейін Қатар және Эквадор құрамалары доп додасының алғашқы ойынын өткізеді. Кездесу барысында итальяндық Даниэле Орсато бас төреші қызметін атқарады.
Сондай-ақ, футболдан әлем чемпионатына қай команда көп ойыншы жібергені белгілі болды.
Фото: Getty Images