Катардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз — елшілік

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі Катардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз екенін мәлімдеді. 

Катардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз — елшілік
Фото: gov.kz

— Құрметті Катардағы Қазақстан Республикасының азаматтары! Қазіргі уақытта Катардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз. Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, — делінген Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі таратқан хабарламада.

Катарда қалып қойған қазақстандық туристерге қатысты, мәлім болғандай, қазіргі уақытта Катардың әуе кеңістігі толығымен жабық.

Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады. 

Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

— Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды. Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезіндегі елшіліктің байланыс нөмірлері:
+974 4411 0527
+974 4412 8015
+974 5064 9955

Айта кетелік Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы базаларына шабуыл жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар