Қатардың білім ордалары дәстүрлі оқу жүйесіне оралды

АСТАНА. KAZINFORM — Қатардағы мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытудан дәстүрлі, оқушы мен мұғалінің бір бөлмеде сабақ жүргізетін формасына кезең-кезеңімен оралып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Қатардың білім ордалары дәстүрлі оқу жүйесіне оралды
Фото: Қатардың білім және жоғары білім министрлігі

Қатардың Білім және жоғары білім министрлігі елдегі оқу орындарының дәстүрлі оқуға қайтарылуы туралы ақпарат берді. Сәуір айының басынан бастап оқу орындары қашықтан оқып жүрген оқушыларды қайтадан сыныпқа шақырды.

Оқу орындарының дайындық деңгейін тексеру үшін ведомство өкілдері жеке және мемлекеттік мектептер мен университеттерді аралап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары мен процедураларын тексеріп отыр.

Министрліктің хабарлауынша, бұл шешімге дейін дайындық жұмыстары жүргізілген. Мәселен, қызметкерлер, әкімшілік персонал және мұғалімдер Ішкі істер министрлігінің Азаматтық қорғау басқармасы ұйымдастырған тренингтерден өткен. Онда төтенше жағдайларда қауіпсіздік нұсқауларын қолдану, алдын ала эвакуация жүргізу, эвакуация және баспанада болу тәртібі бойынша іс-әрекеттер үйретілген.

Еске салсақ, бұған дейін БАӘ мектептерінде халықаралық бакалавриат емтихандары тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар