Қатарға сапармен барған Қазақстан азаматтарының саны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатарға сапармен барған Қазақстан азаматтарының санына қатысты айтып берді. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Әрине, Қатарда Қазақстан азаматтары бар. Құрбан болғандар арасында еліміздің азаматтары жоқ, яғни бұл жағдайға қатысты елшілікке ешкім хабарласпады. Қазір 1,5 мың азамат Қатарда жүргені белгілі. Соның ішінде 516-сы консулдық есепте тұр. Олармен тұрақты байланыстамыз, — деді Әлібек Бақаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасады

Салдарынан Қатардың ішкі қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты

Израиль Доха шабуылы үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алды

Президент Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды

Соңғы жаңалықтар