Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі қашан тіркеуден өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні тіркеу рәсіміне қатысты түсінік берді.

Аймағамбетов дәрі-дәрмек ғылымы туралы: кейінгі кезде QazVac-тан басқа ештеңе шыққан жоқ
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

- Қазір екінші сатыны (клиникалық сынақты) табысты өтіп жатырмыз. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларында аурулар қосылды. Нәтижелерін қыркүйек айында баяндаймыз. Егер бәрі дұрыс болса, жылдың соңына дейін дәріні тіркеуге ресми түрде рұқсат береміз, - деді С. Нұрбек Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, былтыр қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғалым қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапқанын айтқан болатын. 

Министрдің айтуынша, инновациялық дәріні алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған. Сосын онкология университетінде 15 адам сынақтың бірінші кезеңнен өтті.

Соңғы жаңалықтар