Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі нарыққа қашан шығады
АСТАНА. KAZINFORM – Алғашқы қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі 2027 жылдың ортасында Қазақстан нарығына шығарылмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
Оның айтуынша, дәріні әзірлеу процесінің кешігуі клиникалық сынақтарды жүргізуге қойылатын қатаң талаптарға байланысты.
Қазіргі кезде сынақтардың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Ғалымдар сынақтың екінші кезеңіне кірісіп жатыр.
— Келесі жылдың ортасына қарай әзірлеу жұмыстарын аяқтап, дәріні нарыққа біртіндеп шығара бастауды жоспарлап отырмыз, — деді Саясат Нұрбек. .
Еске салсақ, биыл тамыз айында министр қатерлі ісікке қарсы отандық дәрінің дозировкасы айқындалып жатқанын айтқан еді.