09:17, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қатерлі ісіктерді емдеу мен олардың диагностикасы - Павлодардағы республикалық мәжіліс
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін Павлодарда қатерлі ісікті емдеу мен диагноз қою туралы республикалық тәжірибелік мәжіліс басталады.
Оны Қазақстанның онкология және радиология ғылыми зерттеу институты өткізеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, осы ғылыми-зерттеу институтының алдыңғы қарталы мамандары екі күні ішінде оқу дәрістері мен шеберлік сыныптарын жүргізеді.
Сондай-ақ операцияларды көрсету мен қатерлі ісік ауруларын ертерек анықтау мәселесі талқыланады деп көзделген.